БҚО-да «Суға шомылу маусымы бойынша қорытынды, көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауы» тақырыптарында брифинг өтті
2020 жылғы 4 қыркүйекте БҚО ТЖД Департаментінің дағдарыс орталығында «Суға шомылу маусымы бойынша қорытынды, көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауы» тақырыптарында брифинг өтті, спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник А.Қ. Ахметжанов сөз сөйледі.
2020 жылдың басынан бері облыс су айдындарында 14 адам қаза болды, бұл оқиғалар жабдықталмаған және тыйым салған орындарда орын алды, оның 7-ы бала. 2020 жылы құдықтарға құлаудың 3 жағдайы орын алды, 2019 жылы 1 жағдай. Құтқарылғаны – 8 адам.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себебі ата-аналардың суға шомылу кезінде балаларын бақыламауы
(7 бала), сондай-ақ карантин режимін бұза отырып жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде алкогольдік мас күйде суға түсуі (5 адам).
Қазір суға түсу маусымы болса да карантин аяқталғанға дейін көпшіліктің суға түсу орындарына баруға болмайды. Су айдындарында рейдтер жүргізу барысында карантин кезінде тыйым салынған жерге демалуға келіп, ішімдік ішкен, судағы қауіпсіздік туралы ақпаратты жеткізу кезінде дөрекілік танытқан қала тұрғындары кездесті. Халықтың судағы қауіпсіздік мәселесіне салғырттығына жол берілмейді, себебі ол кейде қайғылы аяқталады.
2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (суда қаза болу – 22 оқиға, 24 адам қаза болды, оның ішінде 6 бала) су айдындарында адамдардың қаза болу жағдайлары 36,3%-ға(14), су айдындарында адамдардың қаза болуы 41,3%-ға(14) азайғаны байқалады.
ҚР ІІМ нұсқауымен Полиция департаментінің, Көліктік бақылау инспекциясының, Экология департаментінің, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлімшелерімен бірлесіп, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қатарынан су айдындарындағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларға мобильдік топтар ұйымдастырылды.
66 мобильді топ ұйымдастырылды, 474 адам:
12 моб. топ жүзу құралдарындағы топтар және 26 адам,
27 моб. топ және 224 адам,
27 моб. топжәне 224 адам.
Суға шомылу кезеңіне дайындық пен өткізу басталғаннан бері БАҚ-та – 613 сөз сөйленді, оның ішінде:
Теледидарда – 109;
радиода – 116;
брифингтерде – 41;
баспа басылымдарында – 347
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың облыс су айдындарындағы қазасына жол бермеу мақсатында азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауы бойынша
2020 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуінің 7 жағдайы тіркелді (2019 жылы 7 жағдай, оның ішінде 3 жағдайда балалар қайтыс болды), оның ішінде бір жағдайда бала қайтыс болды, бұл 18 тамызда Қонаев шағын ауданы 2-үй, 143-пәтерде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 ж.т. Т. Дастанұлы 9-шы қабаттың терезесінен құлап кетті.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың жарақаттануын және құлауын болдырмау мақсатында Департамент және оның аумақтық бөлімшелері облыс тұрғындарын ақпараттандыру бойынша кең ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
"Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде "Карантин кезінде тұрмыстағы қауіпсіздік" профилактикалық бейнеролигі әзірленді.
Сонымен қатар, көп пәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуінің алдын алу мақсатында баланың үй жағдайындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелейтін "Қауіпсіз балалық шақ журналы" атты көп сериялы анимациялық фильмінің арнайы шығарылымы әзірленді.
Көп пәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуіне жол бермеу мақсатында Орал қаласының кәсіпкері Ж.Е. Дүйсенбаев
#БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС челленджін бастаған болатын.
Бүгінгі таңда аталған челлендж аясында отыз көп балалы отбасында терезе ашатын қауіпсіз құрылғылармен жабдықталған. Адам тағдырына бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер 100-ден астам отбасының терезелеріне қауіпсіздік құрылғыларын орнатуды жоспарлап отыр.
Балалардың құлап қалуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында құрылыс басқармасымен, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесіп жобалау және құрылыс ұйымдарымен объектілерді жобалау және салу сатысында көп қабатты ғимараттардың терезелеріне қауіпсіздік құлыптарын орнату мәселесі бойынша мәселе пысықталуда.