Күзгі балық аулаудағы қауіпсіздік

Күзгі балық аулаудағы қауіпсіздік

Күзгі балық аулаудағы қауіпсіздік

 

Қазіргі уақытта карантиндік іс-шаралар әрекетіне қарамастан, күн сайын су қоймаларында балықшылардың болуы байқалады, бұл ретте балық аулау кезінде адамдардың қаза болуы жиілеп кетті. Осыған орай БҚО ТЖД балық аулаған кезде не істеу керектігін еске салады: алкоголь ішпеу, өйткені ол балықшының реакциясын баяулатып, оның назарын босаңсытып, нақты қауіптілік сезімін оятады. Осыған байланысты алкоголь мен балық аулау – екі үйлеспейтін ұғым.

ҚАЙЫҚТАН БАЛЫҚ АУЛАУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1) суда қауіпсіз жүруге тек дұрыс жабдықталған және жарамды қайықта ғана болады - бұл туралы алдын ала ойлаңыз.

2) қайықтан аулау кезінде жүзе білу маңызды - бұл өзіңізді және досыңызды құтқаруға көмектеседі.

3) қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жағалаудан алыс емес балық аулау жақсы.

4) егер сіз жағалаудан алыста балық аулауға жиналған болсаңыз, бортта құтқару және сигнал беру құралдарының болуы туралы білу қажет.

5) балық аулауға кетер алдында міндетті түрде жақындарына хабарлап кетіп, сондай-ақ балық аулаудан қашан қайтатыныңызды анықтау керек.

Балық аулауға қайықтан су айдынына шығар алдында Қайықтың жай-күйін мұқият тексеріпңіз

Кез келген төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефоны бойынша қоңырау шалу керек.

БҚО ТЖД АҚБ