Дала өрттері өршіп тұр

Дала өрттері өршіп тұр

Дала өрттері өршіп тұр

 

2020 жылдың 3 қыркүйегіне облыс аумағында 67 табиғи өрттер тіркелді. Былтырғы жылы осы кезеңде 3 табиғи өрт тіркелген болатын. Яғни жалпы табиғи өрттер былтырғы жылмен салыстырғанда анағұрлым өсіп отыр. Осы табиғи өрттердің негізгі шығу себептері: абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат, шөп шабу кезінде техникалардың ақауы және сол сияқты басқа да себептер болып жатады. Кез-келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандарға түскен жапырақтар тез тұтанады. Облыста ерікті өрт сөндіру жасақтарын жасақтау өмірдің қажеттілігінен туындады, аталған жасақтардың күшімен сөндірілген от ошақтары аз емес. Сондай-ақ дала өрттерінің жартысынан көбін төтенше жағдай департаментінің арнайы техникалары, жеке құрамының күшімен сөндірілді.

 

 

Дағдарыс жағдайындағы басқару

басқармасының жедел кезекшісі

азаматтық қорғау подполковнигі Н. Мукажанов