Балалардың отпен абайсыз болуы

Балалардың отпен абайсыз болуы

Балалардың отпен абайсыз болуы

 

2020 жылғы 29 тамызда 17сағ45мин-та Облыстық балалар ауруханасына денесінің аумағын түрлі дәрежеде 20-30% термиялық күйік шалған 2008 жылы туылған жасөспірім бала келіп түскен.

Күйік алуға негіз болған жағдайларды анықтау барысында, бұл күйіктер моншаның пешін жағу кезінде алынғаны белгілі болды. Баланың ата-анасы жұмыста болған кезде, ол өздігінен моншаның пешін жағуға кіріскен. Пешті жағу барысында тезжанғыш сұйықтықты пайдаланған, ол өз кезегінде от шарпып термиялық күйік алуына әкеліп соққан.   

Ересектер балалар мен жасөспірімдерге пештегі жанып жатырған отты немесе газ плиталарын, тоққа қосулы тұрған электр және жылыту құрылғыларын қадағалауды тапсыру арқылы үлкен қателік жібереді.

Балалардың тәртібі мен әрекеттеріне ең бірінші олардың ата-аналары жауапты.    Олар өз балаларына саналы түрде отпен абай болуды ерте жастан бастап үйретуі қажет.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес (2019 жылғы 13 желттоқсандағы №921 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы)

пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

- от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

- қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

- көмірге, коксқа және газға арналмаған пештерді осы отын түрлерімен жағуға;

- үй-жайларда жиналыстар мен басқа да көпшілік іс-шаралар өткізу уақытында пештерді жағуға;

- пештерді шамадан тыс қыздыруға;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киімді, киімді, ағашты) пештер мен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

- ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;

- желдету және газ арналарын түтіндіктер ретінде қолдануға;

- ақаулары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуға жол берілмейді.

         Өрт қауіпсіздігіне байланысты барлық сұрақтар бойынша 101, 112 телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Теректі ауданының ТЖБ