Комитет төрағасы Серік Жүнісбеков Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарындағы дайындық жұмыстарын тексерді.
Өңірдегі көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын қарап, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындығын саралады.
Комитет төрағасы бірқатар су қоймалары мен қауіпті аумақтарды аралап, инженерлік қорғау шараларының орындалу барысын бағалады.
Сонымен қатар, тұрғындарды қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыру, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер мен эвакуация жоспарының дайындығы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі