Батыс Қазақстанда қауіпсіздік мәдениетін арттыруда «112batys.kz» платформасы іске қосылды

Батыс Қазақстанда қауіпсіздік мәдениетін арттыруда «112batys.kz» платформасы іске қосылды

Қызметкерлер жаңа идеялар, инновациялық технологиялар мен алдын алу тәсілдерін тұрақты жаңартып, заман талабына сай бейімдеп отырады.

Өрт қауіпсіздігін нығайту және халықтың түсінігін арттыру мақсатында «112batys.kz» платформасы іске қосылды.

Аталған платформа өрт қауіпсіздігіне қатысты өзекті мақалаларды, көрнекі үгіт-насихат материалдары, бейнероликтерді және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қамтиды. Сонымен қатар, пайдаланушылар төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ұсыныстармен танысып, қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады.

QR-кодтар жасақталып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне, халық көп жиналатын қоғамдық орындар мен объектілерге, сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсететін транспорттық нысандарға орналастырылуда.

Бұл бастама халықтың өрт қауіпсіздігі туралы білімін шыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

БҚО ТЖД  Баспасөз қызметі