Батыс Қазақстан облысында республикалық «Көктем-2025» штабтық-командалық оқу-жаттығу өтуде

Батыс Қазақстан облысында республикалық «Көктем-2025» штабтық-командалық оқу-жаттығу өтуде

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылғы     6-7 ақпан аралығында облыс аумағында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде.

Жаттығудың мақсаты – облыстық азаматтық қорғау кіші жүйесінің көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру.

6 ақпан күні оқу-жаттығу облыстық шұғыл әрекет ету жасағын дайындыққа келтіруден басталды.

Сонымен қатар, жаттығу барысында облыстық құлақтандыру жүйесі іске қосылып, «Барлығының назарына» сигналы бойынша дайындығы тексерілді.

Тәжірибелік тапсырмалар алдыңғы жылдарда орын алған төтенше жағдайларды есепке ала отырып жоспарланды.

Оқу-жаттығудың облыстық штабы практикалық іс-қимылдарды Орал қаласы және Теректі ауданында қарайтын болады.

Жаттығу барысында 39 тапсырма пысықталып, оның барлығы тәжірибе жүзінде іске асырылатын болады.

Жалпы республикалық оқу-жаттығуға 12 аудан және Орал қаласынан облыс бойынша 785 адам, 375 бірлік техника жұмылдырылады.

Оқу-жаттығудың нәтижелері бойынша азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің көктемгі кезеңге дайындығына тиісті баға берілетін болады.