
Мектеп оқушыларына құтқарушылардың қызметіне қызығушылықтарын арттыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.
Шараны Департамент бастығының орынбасары М. Мұратов алғы сөзімен ашты.
Балалар төтеншеліктер техникаларының негізгі түрлері, құрал-жабдықтары мен жалпы салмағы 20 келіден асатын жауынгерлік киімдерімен танысып, оларды киіп бір сәтке өздерін құтқарушы болып сезініп көрді.
Оқушылар ең көне мұражайға экскурсия жасап, қызметтің тарихымен танысты.
БҚО ТЖД