
Облыс әкімі Н. Төреғалиев, әкімнің орынбасары Б. Нарымбетов, департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Ж. Жаншин және комиссия мүшелері Тасқала ауданында су таскынының алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар барысын бақылады.
Жалпы Тасқала ауданы су басу қаупі ықтимал аймақтар қатарына кіреді.
Себебі, Тасқала ауданы аумағындағы 28 елді мекеннің, 5-уінде су басу қаупі бар, олар — Тасқала, Бірлік, 2-Шежін, Атамекен және Мереке ауылдары.
Бүгінде Тасқала ауданы бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердің, маңындағы қорғаныс бөгеттері мен Деркөл өзені жағалауы бекітіліп, тасқын кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.
Аудан бойынша су тасқынының алдын алуға арнайы техникалар дайындалып, тасқын кезінде халықты эвакуациялауға арналған 23 эвакуациялық пункт және қосымша 3 резервті эвакуациялық пункт белгіленген.
БҚО ТЖД