Азаматтық қорғауды құлақтандырудың жүйесі тексеріледі

Азаматтық қорғауды құлақтандырудың жүйесі тексеріледі

2025 жылғы 6-7 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысында Республикалық «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтетін болады.

Оқу-жаттығу шеңберінде Батыс Қазақстан облысында азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу жоспарлануда.

Жаттығу жоспарына сәйкес, 6 ақпанда сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін дабыл қосылады. Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы құрылғыларын қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ, теле-радиоарналардың эфирін «ұстап қалу» жүзеге асырылады. «Назар аударыңыз!» бірыңғай дабылы тұрғындардың ден қою және оның іс-қимыл тәртібін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай туындаған жағдайда электр дабылдарын қосу кезіндегі мінез-құлық ережелерін:

1) радио, теледидар қабылдағыштарын қосуды;

2) уәкілетті органның ведомстволық интернет-ресурсында, сондай-ақ, өзге де қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты оқуды, тыңдауды;

3) берілген хабарламаға сәйкес әрекет етуіңізді еске салады.

 

БҚО ТЖД