Батыста облыс әкімінің қатысуымен су тасқыны кезеңінде жұмылдырылатын күштер мен құралдардың дайындығына тексеріс жүргізілді.
Саптық тексеріске облыстық азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары, облыстық жедел ден қою жасақтарының күштері мен құралдары қатысты.
Облыс бойынша көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою үшін 4126 адам, 1817 бірлік техника, 123 бірлік жүзу құралы мен 455 бірлік су сору құралдары дайындыққа келтірілді.