Су тасқынына қарсы шаралар комиссия отырысында қаралды

Су тасқынына қарсы шаралар комиссия отырысында қаралды

Батыста су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін мемлекеттік мекемелермен төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты комиссия отырысы өтті.

Су тасқыны қаупі бар 186 елді мекенде сыйымдылығы 47 мың адамға арналған 219 халықты уақытша орналастыру пункті бекітілген.

Су тасқыны кезінде ТЖ жою үшін күштер мен құралдар топтамасы құрылды: 1 817 бірлік техника, 123 жүзу құралы, 455 мотопомпа және жеке құрамнан 4 126 адам, сондай-ақ, 2 162 тонна инертті материал және 328 560 дана қапшық дайындалды.

Бүгінгі таңда аудандарда 27 560 қап қапталды.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда және бақылауда.