«ҚазАвиаҚұтқару» АҚ Бас директорының БҚО-ға сапары

«ҚазАвиаҚұтқару» АҚ Бас директорының БҚО-ға сапары

«Қазавиақұтқару» АҚ Бас директоры А.Камалов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, оның шеңберінде төтенше жағдайларға ден қою үшін авиациямен қамтамасыз етуге байланысты негізгі мәселелер қаралды.

Жедел ден қою мақсатында, материалдық-техникалық базаны кеңейту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін авиацияны тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі одан әрі ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Инфрақұрылым, техникалық қамтамасыз ету және өңірлік қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, әуе кемелерінің ұшуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

ТЖМ авиациясы төтенше жағдайларға жедел ден қоюда және олардың салдарын болдырмауда маңызды құрал болып табылады.