Батыс Қазақстан облысына ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары келді

Батыс Қазақстан облысына ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары келді

Кездесуде төтенше жағдайларға қатысты біраз мәселелер талқыланды.

2025 жылғы 8 және 9 қаңтар күндері ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары мен облыстық филиал төрағалары БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметімен танысып, жеке құраммен кездесті.

Шара барысында департамент басшылығы 2024 жылы атқарылған жұмыстар, белгілі бір шешімдерді талап ететін мәселелер, 2025 жылға материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша ұсыныстарды атап өтті.