
Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және № 9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
Қызметкерлер тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбында әңгімелесіп, әрқайсысына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған және шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынамалар тапсырды.
Құрметті қала тұрғындары! Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындамау көбінесе өртке, сәйкесінше, үйлердің тұрғын үй-жайларын зақымдауға немесе жоюға, материалдық залал келтіруге, кейде адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеледі.