Сырым ауданы Қоңыр ауылында өрт шықаны туралы хабар түсті

Сырым ауданы Қоңыр ауылында өрт шықаны туралы хабар түсті

ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ)»ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына 16 сағат 29 минутта Сырым ауданы Қоңыр ауылында өрт шықаны туралы хабар түсті. Аталған мекенжайға Қызметтің № 14 өрт сөндіру бекеті жіберілді. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында 120 шаршы метр аумағындағы шаруашылық құрылыс және 10 тонна шөп өртенгені анықталды.

23 тамыз күні 22 сағат 50 минутта Қызметтің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Ватунина-131 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау түсті.  Қызметтің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі шақыртылған мекенжайға жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізу барысында 10 ш.м аумағында монша шатыры өртенгенің анықтады.

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ