
ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 22 тамыз күні 08 сағат 55 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Теректі ауданы, Подстепное ауылы Советская көшесінде орналасқан «ТАЙТИ» кафесі аумағында екі қабатты жеке үй жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Жалпы ауданы 120 ш/м құрайды. Оқиға орнында Қызметтің 4 техникасы мен Жеке құрамның 11 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт 09 сағат 48 минутта оқшауланып 12 сағат 14 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ