23 тамыз күні сағат 17-00-де Бөкейордасы ауданының Мұратсай су қоймасында жергілікті тұрғын 2001 жылы туған азаматтың мәйітін тауып алған

23 тамыз күні сағат 17-00-де Бөкейордасы ауданының Мұратсай су қоймасында жергілікті тұрғын 2001 жылы туған азаматтың мәйітін тауып алған

23 тамыз күні сағат 17-00-де Бөкейордасы ауданының Мұратсай су қоймасында жергілікті тұрғын 2001 жылы туған азаматтың мәйітін тауып алған. Шамамен 16-30-да ол тереңдігі 2-3 метр болатын су шұңқырда батып кеткен.

Ағымдағы жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында облыстың су айдындарында 14 адам қаза болды, оның ішінде 7 бала суға кетті. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:

ата-аналардың баланы бақылауының болмауына байланысты –7;

мас күйінде – 5;

балық аулау кезінде – 1;

абайсызда – 1.

2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 адам суға кетті, оның ішінде 6 бала

Сондай-ақ, балалардың құдықтарға құлауы жиілеп кетті. Ағымдағы жылы құдықтарға құлаған 4 жағдай орын алды, оның ішінде 3 бала.

Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

Қоршау белгілерінен тыс жүзуге болмайды!

Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз!

Бейтаныс жерде суға түспеңіз!

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!