
Ал сіз жылыту маусымына дайынсыз ба?
Өрт, әдетте, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған жерлерде пайда болады. Өрттің пайда болу себептері көбінесе адам факторы болып табылады, 10 өрттің 7-і адамдардың кінәсінен болады.
Сіздің үйіңізде өрт болмау үшін электр жылыту құралдарын сауатты пайдалану қажет:
- қолдан жасалған құралдарды пайдалануға болмайды;
- жылытқыштар жиһаздан, перделерден және төсек-орын жабдықтарынан алыс жерде орналасуы керек;
- ешқашан бір розеткаға бір уақытта бірнеше электр құралдарын қоспаңыз;
- ешбір жағдайда қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды – бұл өрт туындаған кездегі ең көп таралған жағдай.
Жылыту кезеңіндегі өрттердің тағы бір кең тараған себебі – пешпен жылытуды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Жылыту маусымы жақындаған кезде тұрғын үй қауіпсіз болуы және ешкім зардап шекпеуі үшін пешті орнату және оны жөндеу үшін маманды шақырған дұрыс. Оның сауатты жұмысы тұрғын үйді ықтимал өрттен қорғайды.
Тұрмыста адам өлімінің тағы бір себебі – бәрімізге көрінбейтін жау –улы газ. Бірақ қазіргі уақытта улы газды анықтай алатын және тұрғындарды қауіп-қатер туралы уақытында ескертетін арнайы датчиктер сатылады. Оларды үйіңіздегі пештің қасына орнату үшін, интернет арқылы тапсырыс беруге болады. Осылайша өзіңіздің үйіңізді және отбасыңызды қорғай аласыз.
Жаңақала ауданы ТЖБ
аға инженері Д.Беркаиров