2020 жылдың 20 тамызында БҚО ТЖД аумағында жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 1-курс курсанттарымен барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді. Курсанттарға қызметтік және әскери тәртіп ережелерін сақтау, жолда болған кезде және институтқа дейінгі мінез-құлық туралы нұсқаулық өткізілді.