
Білім беру мекемелерінің басшыларымен бейнеконференциялық байланыс
Өрт барлық уақыттарда да болған, бірақ соңғы кезде олардың саны өсуде және өрттердің өзі әлдеқайда апаттық сипат алуда. ҚР ІІМ ТЖК жедел ақпаратына сәйкес білім беру объектілерінде өрт фактілері жиілеп кетті.
Осыған байланысты Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрттің пайда болу қаупін азайту мақсатында аудан аумағында орналасқан барлық білім беру обьектілерінің басшыларымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша бейнеконференциялық байланыс ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Мектеп басшыларына мектеп ғимаратындағы электр қондырғыларына уақытылы техникалық қызмет көрсетіп тұруға, жанғыш-жарылғыш заттарды сақтамауға, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен толықтыру және мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздік ережелерін жиі ескерту керектігі айтылды.
Ақжайық ауданы ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға
лейтенанты Е.Кенжеғали