
«2020 жылғы өрт қауіпті кезеңінің өтуі»
2020 жылдың өрт қауіпті кезеңінің басынан облыс аумағында 1212 га алқапта 14 орман, 55260 га алқапта 56 дала өрті және 7388 га алқапта 282 табиғи жану орын алды.
Орман және дала өрттерінің негізгі саны ағымдағы жылдың шілде айының ортасынан басталды. Табиғи өрттер облыстың 8 ауданы (Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау) мен Орал қаласының аумақтарында орын алды. Өрттің негізгі себептері – найзағайдың құрғақ разрядтары, сондай-ақ бір ай бойғы 37-39 градус тұрақты ыстық ауа райы, кей жерлерде 40-42 градус болды.
Дала өрттері өте қауіпті. Көптеген жағдайларда олар басқа да апатты өрттерге – орман немесе елді мекендердегі өрттеріне себеп болады. Желді ауа-райы кезінде өрт елді мекендерге бұрыла алады.
Карантиндік шектеулердің біртіндеп жеңілдеуіне байланысты, өрттердің көрсетілген себептері халықтың табиғатқа көптеп шығуы. Сондықтан табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу мәселесі басымдық алады.
Жеке үйлерде пайдаға аспайтын қоқыстарды контейнерге жинап, арнайы жабдықталған қоқыс алаңына тастау керек, ал үй жанына көктем және жаз кезеңіне арнап су құйылған ыдыс (бөшкелер) немесе өрт сөндіргіш қою қажет.
Облыс тұрғындарының назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігіне тағы да аударамыз. Төтенше және қауіпті жағдайлар тудырмау үшін қоқыстарды немесе құрғақ шөпті өртемеңіз және балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ғана өрттің алдын алады және апаттарға жол бермейді!
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы