Балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары

Балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары

Балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары

 

Ағымдағы жылғы 18 тамызда Орал қаласында 6-шағын ауданы Қонаев көшесіндегі 9 қабатты көп пәтерлі 2-үйдің 143-пәтерінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылы туған ұл терезеден құлап, жедел жәрдем келгенше мерт болды.

* Жазатайым оқиғаланың себебі неде????

Көптеген жағдайларда мұндай оқиғалардың құрбандары *ересектердің қарауынсыз қалған* жас балалар. Балалар жиһазды немесе басқа да заттарды пайдалана отырып, терезенің алдына шығып, москит торына тіреледі де құлап кетеді.

Құрметті ата-аналар!

Балаларды қараусыз қалдырмауға, бөлмелерінде ашық терезелермен тіпті қысқа мерзімге де қалдырмауды сұраймыз, өйткені бұл қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Балалардың қайғылы салдарларын болдырмау үшін әр түрлі жағдайларда қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету, балалардың уақытын өткізуді және қауіпсіздігін тиісті түрде бақылау керек.

Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

  • пәтерде терезелерді және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
  • желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз. Егер сіз терезені ашсаңыз, оны 10 см артық ашпаңыз, осы мақсат үшін шектегіштерді қойыңыз.
  • балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
  • ешқашан ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге баруы мүмкін.
  • барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді терезеден алыс қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына кездейсоқ түсуінің алдын алуға көмектеседі.
  • москит торлары үлкен қауіп төндіреді: бала алдында қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
  • егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорықса, оны тіпті қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе, қорқыныш сезіп, балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарауы мүмкін, бұл жоғарыдан құлауына әкеп соғады.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі