Батыс Қазақстан облысында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Батыс Қазақстан облысында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизоны ауқымды рейдтік іс-шарасын ұйымдастырды.

 «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында облыс орталығында өткізілген іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаментінің, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының және еріктілер ұйымының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында, «Respublica» партиясының демеушілік көмегімен тұрғын үйлерге улы газ датчиктері орнатылып, сондай-ақ газ шаруашылығы қызметкерлерімен бұзушылықтар қалпына келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жылу беру кезеңінің соңына дейін жалғасатын болады.