
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Тұрғын үйде өрт шықты
2020 жылғы 16 тамыз күні 14 сағат 02 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Тополинская көшесі 8-үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті.
Оқиғаны анықтау барысында жалпы ауданы 94 ш/м құрайтын монша мен үйдің алдыңғы қалқасы және де Тополинская көшесі 6-үйдің жалпы ауданы 6 ш/м құрайтын шатыры жанып жатқаны анықталып, өрт сөндірушілер жедел әрекетке көшіп, дер кезінде өрттің алдын алды. Өрт 14 сағат 45 минутта оқшауланып, 15 сағат 48 минутта толықтай жойылды. Оқиға орнында Қызметтің 5 техникасы мен жеке құрамының 19 қызметкері жұмыс атқарды.
Зардап шеккендер жоқ.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ