Бөрлі ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Бөрлі ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Бөрлі ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және

жою комиссиясының отырысы өтті

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімдігінде аудан әкімі М.М. Саткановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті.

Жиналғандардың алдында Бөрлі ауданы әкімі-аудандық төтенше жағдайлар комиссия төрағасы М.Сатканов ТЖ алдын алу ісінде барлық азаматтық қорғау қызметтері мен Бөрлі ауданының ТЖБ-сы жұмысын атап өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Бөрлі ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қайргалиев 2020-2021 жылдарда жылу беру кезеңіне қойылған міндеттер туралы, ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жергілікті кіші жүйесі аудан аумағы мен тұрғындарды табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталғаны жөнінде баяндады. Техногенді авариялар, апаттар мен табиғи зілзалалар шығынын азайту және тәуекелдерді төмендету іс-шаралары ұйымдастырылған. Р.Қайргалиев күзгі-қысқы кезеңді апатсыз өткізу және дайындау туралы, ауыл округтерінің әкімдеріне проблемалық орындарға ерекше көңіл бөліп, тиісті шаралар қабылдауға шақырды. Р.Қайргалиев аудан әкімі жасақтап, бекіткен басқару органдары, мекемелері, ұйымдар және шаруашылық объектілеріне ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар қарастырылған 2020 жылға Бөрлі ауданындағы жылу беру кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарын атап өтті.

Екінші мәселе бойынша Бөрлі ауданының жолаушылар көлігі және автомобилді жол, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімі басшысы Д. Акмамбетов пен «Ақсайжылуқуат» басшысы Ж. Курманкулов, аудандық білім бөлім басшысы А. Тржанова алдағы жылу беру кезеңінде Бөрлі ауданының күштері мен құралдарының дайындығы, күзгі-қысқы жылу беру кезеңінде ұйымдастырылуы тиіс шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, коммуналдық меншіктердің жағдайы, алдағы жылу беру кезеңіне дайындығы туралы мәселелер қозғалды.

Отырысты қорытындылай келе аудан әкімі М. Сатканов қарастырылудағы мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

 

БҚО ТЖД Бөрлі ауданының ТЖ бөлімінің бас маманы

азматтық қорғау майоры А. Идалиева