Балаларға қамқор болыңыз, олар біздің болашағымыз!

Балаларға қамқор болыңыз, олар біздің болашағымыз!

Дүниеге бала келгеннен кейін жастар, ата-ана болады және бұл үлкен жауапкершілік. Бала - бұл таза қағаз парағы, ол ештеңені білмейді және түсінбейді, біздің міндетіміз - оған біз білетін барлық нәрсені үйрету, сонымен қатар оны барлық мүмкін қауіптерден қорғау. Тіпті 21 ғасырда да біздің өркениетіміздің шыңында балалар үшін де, біз үшін де көптеген қауіптер бар. Ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруынан, олардың толық қауіпсіздігіне кепілдік бермеуіне байланысты, балалар қайғылы жағдайларға тап болып жатыр. Мысалы:

- 12 тамызда Жаңақала ауданында екі бала ашық құдыққа құлап кетті. Бұл қалай болды? Біріншіден, олар ата-анасының қарауынсыз қалды. Екіншіден, ата-аналар қажет ететін қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді, ашық құдықтың бетін жақсылап жауып, оны балалардан қоршау керек еді, осылайша қауіп-қатерді азайтуға болады.

- Батыс Қазақстан облысында осы жылдың 7 айында су айдындарында 36 адам қаза тапты, оның 9-ы бала. Олар қалайша осындай қайғылы жадайларға тап болды? Тағы да, балаларды қараусыз қалдырады. Ата-аналар немесе оларға жақын адамдар балаларды еркін жүзуге үйрету немесе жүзу үйірмелеріне жазуды үйымдастыру керек, қаза болған балалардың көпшілігі жүзе алмайды. БҚО тұрғындары тек жабдықталған орындарда шомылуға тиіс. Жабдықталмаған жерлерде шомылатын ересектер өздерін және балаларын қауіп-қатерге душар етеді;

- Өткен жылы Жаңақала ауданында ашық терезеден бала құлап кетті. Ата-аналар баланы үйде жалғыз қалдырды, ал баланың терезеден құлап кетуіне ештеңе кедергі болмады. Егер көп қабатты үйлерде терезелерге арналған арнайы құлыптар орнатылса, мұндай жағдайларды болдырмауға болатын еді.

Әр ата-ана балаларының қауіпсіздігін ойлауы керек! Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз, оларды жүзуге үйретіңіз және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!!!

 

Жаңақала ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Д.Беркаиров