
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларында «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс - 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты – қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатты жағдайында бағынысты күштерді басқару жөніндегі жұмыстағы үйлесімділікті жетілдіру, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, барлық деңгейлерде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмысын ұйымдастыру, облыстық (қалалық және аудандық) қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу жоспарға сәйкес, 2 кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезеңде басқару органдары, күштері мен құралдары дайындыққа келтіріледі, болжам негізінде ықтимал ТЖ жою жөніндегі функционалдық міндеттерді орындауға күштер мен құралдарды қолдануды дайындау және ұйымдастыру бойынша жұмыстар;
- екінші кезеңде жедел жағдай бойынша ТЖ жоюға шешімдер қабылдау.
Аталған оқу-жаттығуға 167 адам, 58 түрлі техника жұмылдырылуда.
Шартты апатты жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау және авариялық қызметтердің өзара іс-қимылы сәтті аяқталды.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу аясында электросиреналарды іске қосу арқылы құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шара халықты «Баршаның назарына!» құлақтандырудың біріңғай дабылына назар аударуға үйрету мақсатында өткізілді.