Автокөлік иелерінің назарына!
Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және № 23 өрт сөндіру бекеті бірлесіп ауданымыздағы газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Автокөлік иелерінің назарына!
- қысымды бақылаумен, газды өндірумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлі отын түрлеріне ауыстырып қосу және газ жеткізумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталу қажет. Сұйытылған көмірсутекті газ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандар, сондай-ақ отын жеткізілуін бұғаттауды қамтамасыз ететін электр магнитті клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады;
- газды қоректендіру жүйесі техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлік құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берілмейді;
- қысқы уақытта қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргізіледі;- қозғалтқышты іске қосуды тек отынның бір түрінде газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол беріледі.
Шыңғырлау ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты
Н. Куанов