
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының ҚР және РФ шекаралас облыстарымен өзара іс-қимылы
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизоны Қазақстанның Атырау және Ақтөбе облыстарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Саратов, Орынбор, Самара, Астрахань, Волгоград облыстарымен шектеседі, бұл жерлерде Батыс қазақстан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы шекаралас аумақтарда техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тұрақты негізде Ресей ТЖМ дағдарыс жағдайларында басқару орталықтарымен жедел күн сайынғы болжамның өзара алмасуын жүргізеді.
Су тасқыны қауіпті кезеңде Skype бағдарламасы арқылы Ресей ТЖМ КҚКО және БҚО ТЖД ДЖББ жедел кезекшілері арасында ҚР шекаралас аумақтарындағы Ириклин және Варфоломеев су қоймаларының су төгінділері бақыланатын су қоймаларының гидробюллетендерінің өзара алмасуы жүргізіледі.
Өрт қауіпті, су тасқыны кезеңінде, сондай-ақ Республикалық маңызы бар автожолдарда қар басу кезінде басқармалар арасында командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі, онда қызметкерлер өздерінің кәсіби деңгейін арттырады.
ДЖББ жұмысының тиімділігін арттыру, оның ішінде жедел басқару шешімдерін әзірлеу мақсатында ДЖББ жедел қызметінде тиімді қолданылатын негізде әзірленген автоматтандырылған және басқару жүйелері құрылып, енгізілді, ТЖ туындау қаупі жоғары аймақтардағы аумақтардың жай-күйі, ТЖ туындау фактілері, жағдайдың параметрлері және оның одан әрі даму серпіні туралы ТЖД аумақтық бөлімшелерін қамтамасыз етуге арналған ғарыштық мониторинг жүйесі болып табылады.
2020 жылдың 7 айында БҚО ТЖД дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы мен Ресей ТЖМ ДЖБО кезекші қызметтері арасында Орынбор, Саратов, Самара, Волгоград, Астрахань облыстары бойынша ауа-райының нашарлауы кезінде ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында 281 ақпарат қабылданып, Батыс Қазақстан облысымен шекаралас учаскелердегі автожолдың жабылуы/шектелуі бойынша 319 ақпарат берілді, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарындағы ДЖББ-мен өзара ақпарат алмасу жүргізілді, онда 146 жедел ақпарат қабылданып, 145 ақпарат берілді.
Өрт қауіпті кезеңде табиғи сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында БҚО ТЖД ДЖББ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ геопорталында мониторинг жүргізуде, онда 122 термиялық нүкте анықталды, оның ішінде 54 құрғақ шөптің жануы, 6 орман өрті, 10 бақыланатын күйдіру және 52-сі расталмады. Барлық анықталған жылу белгілері табиғи өрттер мен жануларды жою үшін аумақтық бөлімшелерге берілді.
БҚО ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының жедел кезекшісі Азамат Нурпеисов