Шабындық кезіндегі өрттің алдын алу шаралары
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі №23 Өрт сөндіру бекеті және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, 13 тамыз күні Шыңғырлау ауданына қарасты ауыл шаруашылығы алқаптарындағы егін жинау және шөп шабу кезінде механизаторлар мен комбайншылардың арасында шабындық алқаптарында және ауыл тұрғындарының жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстары атқарылуда.
Шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке тракторлар мен басқа да егін жинау техникаларының иелерімен кездесу барысында жұмыс жүргізу орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау, іске қосылған техниканы ұстау, оларды өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау бойынша негізгі талаптар жеткізіліп, тиісті нұсқаулықтар жүргізілді.
Тұрғындармен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, алдын алуға бағытталған жұмыстарды қарқындату, шөп шабу және жинау науқаны аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Шыңғырлау ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты Ж. Дулатов