Екі бала құдыққа құлап мерт болды

Екі бала құдыққа құлап мерт болды

Екі бала құдыққа құлап мерт болды

 

2020 жылдың 12 тамызында сағат 00-20-да Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің Дағдарыс жағдайлардағы басқармасына балалардың құдыққа құлағаны туралы (2017 және 2019 ж.т.) хабарлама түсті. Қайғылы оқиға Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде орын алды. 11 тамызда сағат 15-00 шамасында қараусыз қалған балалар жеке үйдің тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кетті. 11 тамызда сағат 18-30-да жергілікті тұрғындар денелерін тауып шығарды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады!

 

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі