Қауіпсіз автокөлік – сенімділік кепілі

Қауіпсіз автокөлік – сенімділік кепілі

Соңғы жылдары автокөліктердің өртенуі ұлғаюда. Жанғыш материалдардың болуы, жанғыш ортаның пайда болуына қолайлы жағдай, сондай-ақ тұтану көздері - осы факторлардың барлығы автомобильдің өрт қаупін күшейтеді. Кейде өрттің себебі тіпті ақаулы электр сымдары емес, жай ғана машина бөліктерінің жоғары температурасы болуы мүмкін. Жолаушылар салонында жанғыш материалдар да көп, олар былғары, пластмасса, тоқыма және басқа да бұйымдар. Жүк бөлігіне келетін болсақ, мұнда өрт қауіпті жағдай әрлеу материалдары, багаж, тұтынатын сұйықтықтары бар контейнерлердің, әртүрлі жылтыратқыштардың, жанармай багы және т.б.

            Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі өрт сөндіргіш және басқа да өртке қарсы құралдар орнатылған жағдайда қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіргіш қолмен іске қосылады. Автокөліктің жүк көтергіші мен моделіне байланысты өрт сөндіргіштердің әр түрлерін пайдалану ұсынылады. Соған қоса, автокөліктегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалтқышты ғана емес, автокөліктің электр бөлігін уақтылы техникалық байқаудан өткізу, егер автокөлік газ отынында болса, жабдыққа уақтылы қызмет қажет. Автокөлікті жылыту үшін ашық отты қолдануға, аккумуляторды тікелей көлік құралында қуаттауға, отын бактарының көлік құралдарында қалдыруға болмайтынын ескеріңіз.

            Егер автокөлік жана бастаса:

- автокөлікті тоқтатыңыз, қозғалтқышты сөндіріңіз;

- көлікті тежегішке қойыңыз, дөңгелектерді бұғаттаңыз (тұрақсыз жағдай оқиғаны ушықтыруы мүмкін);

- сигналдарды жолға қойыңыз;

- көліктен құжаттарды алыңыз:;

- өрт көзіне өрт сөндіргішті себіңіз;

- жолаушыларды түсіріңіз (естеріңізде болсын, жанған көлікте 90 секундтан артық болуға болмайды!) және жедел түрде «101» қызметіне хабарласыныз;

- көмек (медициналық және техникалық), өрт сөндірушілерді, полицияны шақырыңыз;

- бензин ағып кетпеуін қадағалаңыз, темекі немесе тіпті үйкеліс тудыратын кішкентай тас өртке себеп болуы мүмкін.

- егер өрт бензин багы орналасқан машинаның артқы жағын қамтыса, онда машинадан тез арада алыстап кету керек.