БҚО-да «Судағы қауіпсіздік, суда құтқару жағдайлары» тақырыбында брифинг өтті

БҚО-да «Судағы қауіпсіздік, суда құтқару жағдайлары» тақырыбында брифинг өтті

БҚО-да «Судағы қауіпсіздік, суда құтқару жағдайлары» тақырыбында брифинг өтті

 

2020 жылдың 11 тамызында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында «Судағы қауіпсіздік, суда құтқару жағдайлары» тақырыбында брифинг өтті, шара барысында спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник А.Қ. Ахметжанов сөз сөйледі.

Спикердің айтуынша, 2020 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында 14 адам қаза болған, бұл оқиғалар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде болған, оның 7-і бала. 6 адам құтқарылған. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:

- баланың ата-анасының қарауынсыз суға түсуі - 6;

- мас күйде – 5;

- балық аулау кезінде – 1;

- абайсызда – 2.

Облыс аумағында 3-9 тамыз аралығында күннің салқындауына байланысты су айдындарында адамдардың қаза болу жағдайлары тіркелмеген.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (суда қаза болу – 22 оқиға, 24 адам қаза болды, оның ішінде 6 бала) су айдындарында адамдардың қаза болу жағдайлары 36,3%-ға(14), су айдындарында адамдардың қаза болуы 41,3%-ға(14) азайғаны байқалады.

ҚР ІІМ нұсқауымен Полиция департаментінің, Көліктік бақылау инспекциясының, Экология департаментінің, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлімшелерімен бірлесіп, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерінен су айдындарындағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларға мобильдік топтар ұйымдастырылды.

Өткен аптада мобильді топтар еріктілермен бірлесіп облыс орталығындағы су айдындарының  ең қауіпті 9 орында және облыс аудандарының 13 шомылу орнында адамдар қазасының алдын алу бойынша 7 рейд (3-9 тамыз) өткізіп судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар таратқан.

Судағы адам қазасының алдын алу мақсатында күн сайын БҚО ТЖД құтқарушылары су айдындарында патрульдеуді жүргізеді.

Сондай-ақ 10 тамыз күні Елизаров көшесі ауданындағы Жайық өзенінде катермен патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының 2 құтқарушысы өзеннен өтуге тырысқан 12-14 жас аралығындағы 4 баланы құтқарды. Құтқарушылар балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме өткізді. Әңгіме соңында балалар үйлеріне жіберілді.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс су айдындарындағы келеңсіз оқиғаларға жол бермеу мақсатында азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Брифинг соңында журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып оларға толық жауап алды.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі