БАЛАЛАРДЫ ҚҰТҚАРУ!
10 тамыз күні БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде суда төрт бала құтқарылды. Күн сайын құтқарушылар кезекшілікке кірісіп, өзендерді айналып тексеріп өтеді. Бұл жолы кезекші ауысым ересектердің сүйемелдеуінсіз тыйым салынған жерде шомылған төрт жасөспірімді байқады. Балалар жағалаудан алысқа жүзіп кеткен. Құтқарушылардың кәсіби тәжірибесі оларға мұндай ерліктен жақсы ештеңе жоқ екенін айтты.
Суға батып бара жатқан балалар шошып үрейленді, бірақ бақытымызға орай, құтқарушылардың қайығы уақытында жүзіп, балалар денсаулығына зиян келтірместен құтқарылды.
Құтқарушылар профилактикалық әңгімелесумен шектеліп қана қоймай, балаларды полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы ғана су айдынындағы қайғылы жағдайдың алдын алды.
Құрметті ата-аналар! Кішкентай балаларды су қоймаларына қараусыз жібермеңіз. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар.