
Құтқарушылар күніне орай құқық қорғау органдары мен мемлекеттік күш құрылымдары арасында шағын футболдан спорттық іс-шара оздырылды.
Ойынға құқық қорғау органдары және мемлекеттік күш құрылымдары қызметкерлерінен құрылған барлығы 11 команда атсалыса қатысты.
Аталған жарыс жеке құрамның дене дайындығын жетілдіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға зор мүмкіндік береді.
Екі күнге созылған тартысты жарыста командалар өз шеберліктерін мейлінше танытты.
Ойын қорытындылары бойынша төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен құрылған команда І орынға шықса, шекара қызметінің командасы ІІ орын, ал, полиция департаментінің командасы ІІІ орынға ие болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қызықты әрі тартысты өткен жарыста құтқарушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, бейбіт күннің батырларына зор Алғысын білдіріп, жүлдегерлерді марапаттап, сыйлықтарын табыс етті.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі