
Іс-шара барысында халық қалаулылары жұмыс қорытындылары және проблемалық мәселелермен танысты.
Облыстық мәслихаттың делегациясы департамент басқармасының аппараты, сондай-ақ, № 6 және № 8 өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндіру бөлімшелеріне барып, техника мен жабдықтарды қарап шықты.
Депутаттар Департаменттің барлық жеке құрамы, атап айтқанда, 2024 жылғы күрделі су тасқыны кезеңіндегі қызметтерін жоғары бағалады.
Азаматтық қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді зерделей отырып, олар өз тарапынан олардың шешімдеріне өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.