
Департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғау саласындағы түрлі мекемелердің дайындық деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Осы ретте денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МҚК қызметкерлеріне «Жеке қорғаныш құралдары. Іріктеу және кию қағидалары» тақырыбында сабақ өткізілді.
Жеке қорғану құралдары бойынша сабақтар қауіпсіз орта құруда және қауіп-қатер жағдайындағы іс-қимылдарға әзірлікте негізгі рөл атқарады.
Қан орталығының қызметкерлері өздері және айналасындағыларды шұғыл жағдайларда қорғау үшін қажетті білім және дағдымен қаруланған.