
Тұрғын үйлердегі өрт – қайғылы оқиға, қосалқы құрылымдар мен іргелес үйлерді аяусыз жояды. Көрші үйлерге өрт түскен жағдайда, басқа адамдарға зиян тигізуі мүмкін. Өрттің қалай басталғанын түсіну қиын емес, өрттің себептерін саусақпен санауға болады.
2024 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысы бойынша 572 өрт оқиғасы тіркелді, өрттің жалпы санынан 328 жағдай тұрғын үй секторында орын алды. Осыған байланысты облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, тұрғын үйлерді аралау арқылы рейдттік іс-шаралар жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар департаменті:
1) жанғыш және жанбайтын материалдар, заттарды сақтауға болмайды, бұл эвакуация жолдарын жабады;
2) лифттерде, баспалдақ алаңдарында, қоқыс құбырларының айналасында қоймалар салуға, пәтерлердің ішін рұқсатсыз қайта жоспарлауға, жалпы пайдаланылатын орындарда, оның ішінде кіруді шектейтін металл торларды орнатуға;
3) көп қабатты тұрғын үйлердің авариялық жолдардың люктерін дәнекерлеп жабуға, лоджияларға шығатын жерлерге кедергі жасауға;
4) зақымдалған электр сымдарын пайдалануға;
5) тұрмыстық жылыту құрылғылары, газ жылыту жабдықтарын қадағалаусыз қалдыруға;
6) лас заттарды тазарту үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар пайдалануға;
7) мүлікті құтқарған кезде өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалап, өмірін қатерге тігуге;
8) өрт сөндірушілерді алдын ала шақырмай, өртті сөндірумен айналысуға;
9) кернеудегі электр аспаптарын сумен сөндіруге;
10) шкафтарда, қоймаларда жасырынуға, бұрыштарға жасырынуға болмайтынын қатаң ескертеді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.