
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ 52859 және 68303 әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу бойынша күзгі шақыру науқанын өткізуде.
Сапалы іріктеу және толықтыруды зерделеу мақсатында Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері әскерге шақырылушылардың жеке істерін зерделеуді бастады. Зерттеу барысында әскерге шақырылушының денсаулығына, оның моральдық-психологиялық жағдайына, қызметке қатынасына, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің болуына ерекше назар аударылады.
Ағымдағы жылдың күзінде ҚР ТЖМ 317 жас сарбаз шақырады, оның 30-ы Батыс Қазақстан облысынан шақырылады.
ҚР ТЖМ 52859 және 68303 әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет өткеруге ниет білдіргендер төтенше жағдайлар департаментіне төмендегі мекенжай бойынша хабарласа алады: Орал қ., Абай даңғылы 90, немесе 8 (7112) 54-49-44.
Азаматтық қорғаныс басқармасы