
Төтенше жағдайлар органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Біздің мемлекетіміз, әлемнің басқа да көптеген елдері сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған ТМД-ның алғашқы мемлекеттерінің бірі. Елімізде әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлық факторлары тіркелуде. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің қоғамына, сондай-ақ алдыңғы елдердің қатарына қосылуына кері әсерін тигізіп отыр.
БҚО ТЖД Бөкей ордасы ауданы ТЖ бөлімі БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ № 19 өрт сөндіру бекетінің ғимаратында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берген жағдайда жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздігі фактілері туралы Сізге тиісті мекемеге дереу хабарлауыңыз қажет. Қазіргі таңда мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген жолдары бар. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарының бірі бұл - әр адамның өз жұмысына адал болып еліміздің дамуына жұыс жасап, кеудесінде елге деген патриоттық сезімнің болуы.
Бөкей ордасы ауданы ТЖБ-ң
аға инженері а/қ аға лейтенанты
Хайруллина Б.Б.