
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
«Удача» дүкенінде өрт шықты
2020 жылғы 06 тамыз күні 21сағат 23 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында Х. Чурин 94 көшесінде орналасқан «УДАЧА» дүкені жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрттің жалпы ауданы 130 ш/м құрайды. Өрт ошағы 00 сағат 10 минутта оқшауланып, 00 сағат 55 минутта толықтай өшірілді. Оқиға орнында қызметтің 2 техникасы мен жеке құрамның 9 қызметкері жұмыс атқарды.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі. Мұндай төтенше жағдай болмас үшін әр азамат өрт қауіпсізідігі мен пайдалану ережелерін сақтаса жөн боларын ескертеміз.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ