Орал қаласы Аманжолов 79 көшесінде автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті

Орал қаласы Аманжолов 79 көшесінде автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

 

2020 жылғы 06 тамыз күні 18 сағат 38 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қаласы Аманжолов 79 көшесінде автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Өртті өшіру барысында ВАЗ-21102 автокөлігінің салонында аспаптар панелі жанып жатқаны анықталды. Өрт Қызмет қызметкерлерінің тез әрекетінің нәтижесінде 18 сағат 48 минутта оқшауланып, 18 сағат 50 минутта толықтай өшірілді.

Автокөлік иелерінен өртке қарсы сақтық шараларды сақтауды сұраймыз. Өрт оқиғасы орын алған кезде ең бастысы «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ