
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Жаздың аптап ыстық күндері басталысымен су айдындарында шомылушылардың саны көбейе түседі. Осы жағдайға байланысты, адам шығыны болмау үшін «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ қызметкерлері жаз бойы рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Ендеше облысымызда рейдтік шаралар қалай жүзеге асуда, қандай жұмыстар атқарылуда деген сауалға жауап алу үшін Қызмет мамандарының жұмысына шолу жасадық.
Облыс орталығы Орал қаласында «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ қызметкерлері күнделікті қаладағы су айдындарында рейд жүргізуде. Сондай-ақ, суда қайғылы оқиғаның алдын алу үшін Жайық өзені арнасының жағасын күнделікті құтқарушылар жасағаның бекеті күзетеді. Бүгінге дейін демалушыларға судағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы 1820 парақша табысталды. Айта кететін жайт, жыл басынан бері суға кеткендер саны 14, оның ішінде 7 бала, ал құтқарылғандар саны - 2. Құтқарушылар демалушыларға суға шомылу кезеңінде міндетті түрде қауіпсіздік шарасын сақтау керектігі сонымен қатар балаларын қараусыз қалдырмау керектігін түсіндіріп, осы мақсатта қауіпсіздік ережелері мен зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету әдістері көрсетілген жаднамаларды үлестірді.
Жаз мезгілі ғана емес, алдағы қыс мезгіліне де дайындықтың аз емесін айта кеткен жөн. Қызметтің мамандары облыс тұрғындарына пайдалы ақпарат жеткізу үшін телеарналарға, радиоға, интернет-ресурстарына күнделікті тұрмыста қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, сұхбат беруде. Мақсат - облыс халқының назарына су айдындарында және күнделікті өмірде сақтық шараларын жүргізуге шақыру. Кейбір тұрғындар «Бұндай ескертпенің айтылғаны туралы білетінін» айтып жатады. Десек те, кеңестің артығы болмайды. Сондықтан құтқарушылар күн сайын халыққа өзгелердің жіберген қателігін үйренсін деп, қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп жатады.
Бұндай шаралар еліміздің барлық облыс және аудандарында жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері өз жұмыстарын тыңғылықты атқаруда. Қорыта келгенде мамандар суда адамдар қайғылы жағдайға ұшырамас үшін прфилактикалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Өйткені адамдар өздерінің қайғылы жағдайға ұшырайтынын ұмытып, биіктіктен суға секіріп, жағадан алысқа ұзап, тереңге сүңгіп жатады дейді құтқарушылар. Сондықтан демалушылардан сақтық шарасын міндетті түрде сақтауын сұраймыз. Келеңсіз оқиға орын алған кезде тездетіп құтқарушыларға қоңырау шалғандарыңыз жөн.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ