
Облыстық ТЖК отырысы өткізілді
2020 жылдың 3 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Манкеевтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы оздырылды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Бірінші мәселе бойынша ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы А. Ахметжанов облыста әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, сондай-ақ коммуналдық желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар басталғанын атап өтті. Орал қаласы мен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төарағаларына қысқы мезгілге дайындық жұмысын ерекше бақылауға алуды ұсынды. Сонымен бірге, облыстағы өрт қауіпті және суға шомылу маусымы кезіндегі ахуал туралы баяндалды.
ТЖД бастығының орынбасары Н. Таубеков 2020-2021 жылдардың жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша сөз алып, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында бірқатар ұсыныстар берді.
ТЖД бастығының бастығының уақытша міндетін атқарушы А. Ахметжанов облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2-тоқсандағы хаттамалық шешімінің орындалу барысын баяндап, өрт қауіпті кезеңіндегі түйткіл мәселелерді тілге тиек етті.
Отырыс соңында Комиссия төрағасы Орал қаласы мен аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдар және ұйым басшыларына азаматтық қорғау саласы бойынша өздерінің тиісті міндеттерін жауапкершілікпен атқаруды ескертіп өтті.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
ЗҚА және АҚСББ