Рейд жұмыстары

Рейд жұмыстары

Рейд жұмыстары

 

БҚО Тасқала ауданының су айдындарындағы рейдтік жұмыстарды төтенше жағдайлар бөлімі, полиция бөлімі және ауылдық округі қызметкерлерімен бірлесіп рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд кезінде су айдындарына жақын жүрген демалушылар мен жас балаларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Осы жұмыстардың барлығы бір ғана мақсатқа, ең қымбат адамның өмірін сақтауға жұмылдырылған.

Естен шығармаңыздар: Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Өкінішке орай кейбір жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді сақтаңыз!

 

Тасқала ауданы ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Турарбеков