«Жолда қабылдау» облыстық акциясы

«Жолда қабылдау» облыстық акциясы

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, балалардың терезеден құлау мәселелері, жарақаттанудың алдын алу, түрлі төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету, сондай-ақ, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толтырғысы келетіндерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Аталған акция облыс орталығында 3 жерде және 12 ауданның орталықтарында адамдар жаппай болатын орындарда ұйымдастырылды.

 БҚО ТЖД баспасөз қызметі