Тыйым салған жерлерде шомылғанға айыппұл салады

Тыйым салған жерлерде шомылғанға айыппұл салады

Тыйым салған жерлерде шомылғанға айыппұл салады

 

1 маусым күні Қазақстанда суға шомылу маусымы басталды және ыстықтың басталуымен Батыс Қазақстан облысының барлық азаматтары табиғатта, атап айтқанда облыстың өзендері мен су айдындарында уақыт өткізгісі келеді.

Адамдардың көбі көпшілік жиналатын демалыс орындарынан, мүлдем дайындалмаған және суға түсуге тыйым салынған жерлерде жалғыз болуды қалайды. Дегенмен, ережелерді сақтамаудың қауіпті салдары болатынын есіңізге саламыз. Сөз тек айыппұл туралы ғана емес. Тыйым салынған жерлерде шомылу - өмірге қауіпті.

Сондай-ақ, еліміздің барлық аумағында қатаң карантин жариялануына байланысты, қазіргі уақытта 16 тамызға дейін ұзартылды, біздің облыстың барлық тұрғындарын адамдар көп жиналатын жерлерде адамдардың жиналуына су айдындарында демалуға тыйым салынатыны туралы хабардар етеміз.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептерінің бірі жүріс-тұрыс ережелерін және қауіпсіздік шараларын бұзу немесе сақтамау. Суға түсу маусымының басталуына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін судағы жаппай демалу орындарына баруға жол берілмейді.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылғы 31 шілде және 1-2 тамыз күндері полиция, экология департаменттері, көліктегі бақылау инспекциясы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, Орал қаласы орман шаруашылығы басқармасы өкілдерімен бірлесіп, рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды.

Рейд барысында демалушыларға ескерту жасалып, жаз мезгілінде судағы ережелер түсіндіріліп, бірнеше адамдарға айыппұл да салынды.

Есте сақтаңыз! Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" және "101"қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы