
Өңір «Toyota «Hilux» маркалы үш жедел-жеңіл автокөлікпен жабдықталды.
Департамент бастығы Руслан Қасыбаев Ақжайық, Бөкейорда және Сырым аудандары төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтарына жаңа автокөліктердің кілттерін табыс етті.
Жаңа көліктер төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне жедел ден қоюға ықпал етеді, сонымен қатар, құтқарушыларға ыңғайлылық пен қауіпсіздікті арттырып, құтқару және жою жұмыстарын орындау үшін қызметкерлерді, авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарды шұғыл жеткізуге мүмкіндік береді.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі