Рейдтік іс-шаралар өткізілді

Рейдтік іс-шаралар өткізілді

ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД  СЫРЫМ ауданының ТЖБ қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен және БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Сырым ауданы бойынша филиалы мамандары, жергілікті БАҚ өкілінің қатысуымен аудан аумағында орналасқан Өлеңті, Шідерті өзендерінің жағалауында суға шомылуға тыйым салынған жерлерде тұрғындардың суға шомылуын болдырмау және карантиндік шаралардың сақталуына рейд шараларын ұйымдастырды.

Шара барысында, аудан тұрғындарына суға түсу маусымы кезеңінде ауданның су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адам өліміне жол бермеу, демалыс және мереке күндері су маңындағы жаппай демалу орындарында демалушылардың өзін-өзі ұстау ережелерін бұзуына, спирттік ішімдіктерді ішуіне жол бермеу туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Судағықауіпсіздік сақболайық үйдеболыңыз.